Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Халықаралық форматтағы диалог аясында интернет қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
28.01.2026

Халықаралық форматтағы диалог аясында интернет қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының қолдауымен және Тұран университетінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық» тақырыбында халықаралық форматтағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қырғызстан Республикасының өкілдері онлайн қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кең таралған алаяқтық түрлерін талқылау, цифрлық кеңістіктегі қауіптерге назар аудару және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру жолдарын айқындау. Қатысушылар интернет-алаяқтықтың алдын алу және тәжірибелік ұсыныстарын білдірді.
Кездесу цифрлық қауіпсіздік саласындағы өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік органдар, сарапшылар және ғылыми қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
← Жаңалықтар тізіміне оралу