Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Қоғамдық даму орталығында  «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті
25.12.2025

Қоғамдық даму орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы базасында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы: қарыздан құтылудың практикалық қадамдары» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды.

Спикерлер құрамында «Нархоз» университетінің қауымдастырылған профессоры, Құқық және мемлекеттік басқару мектебі Заң клиникасының жетекшісі Адилгазы Серикхан және адвокат Калиева Джамиля Булатқызы болды.

Ашық алаң жұмысына Жетісу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясы мен Алматы қалалық мониторинг және талдау орталығының қызметкерлері қатысып, жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелері бойынша құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған өзекті әрі пайдалы ақпарат алды.


← Жаңалықтар тізіміне оралу