Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Зорлық-зомбылықсыз 16 күн
09.12.2025

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Алматы қаласында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында тұрғындарға арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы мен Алмалы ауданының «Отбасын қолдау орталығы» бірлесіп ұйымдастырды.
Шара барысында тұрғындарға тегін құқықтық және психологиялық кеңестер беріліп, даулы жағдайларда қайда және қалай жүгіну керектігі түсіндірілді.
Іс-шараға «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Алматы қалалық прокуратурасы мен Алматы қаласының Полиция департаментінің өкілдері де қатысты.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар мамандарға тікелей сауал қойып, өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша нақты бағыт-бағдар алды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу