18.12.2025
Қоғамдық даму орталығы базасында белсенді жастарға арналған жаңа алаң ашылды
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Мониторинг және талдау орталығымен бірлесіп, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жаңа қоғамдық жастар клубының жұмысын бастады.
Жастар клубының алғашқы отырысы «Қоғамдық ой және азаматтық ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел форматында өтті.
Кездесу барысында спикерлер өз бағыттары бойынша мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл бастама жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамдық үдерістерге белсенді араласуына мүмкіндік береді.
Клуб жұмысы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, жастарға арналған түрлі кездесулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ.