Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жастармен кездесу өтті
10.12.2025

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жастармен кездесу өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында жастарға арналған цифрлық қауіпсіздікті жақсарту және жасанды интеллекті дамыту тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мамандары мен Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдері қатысты.

Спикерлер цифрлық қауіпсіздік, киберқылмыстың алдын алу, дербес деректерді қорғау және жасанды интеллектің ықпалы туралы баяндама жасады.

Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, мамандардан толыққанды жауап пен пайдалы кеңес алды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу