08.12.2025
Таңбалы тас - тасқа таңылған тылсым тарих
Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірлескен «Таңбалы тас - тасқа таңылған тылсым тарих» атты отандық туризмді дамытуға бағытталған тарихи-танымдық іс-шара өткізді.
Табиғи ландшафт пен тарихи мұраны зерттеуге Түркия және Үндістан мемлекетінің профессорлары қатысты.
«Таңбалы тас» петроглифтері кешеніне саяхат барысында қатысушылар тарихи-мәдени мұраларды сақтау және таныту жолдарын, ежелгі тайпалардың дүниетанымы, діни наным-сенімдері мен тұрмысы туралы мәліметтерді, сондай-ақ табиғи орта мен мәдени мұра арасындағы байланысты талқылап, пікір алмасты.