Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Қоғамдық даму орталығы базасында тегін қазақ тіл клубы ашылады
06.12.2025

Қоғамдық даму орталығы базасында тегін қазақ тіл клубы ашылады

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы қызметкерлері «Batyl Bol» қазақ тілін үйрету орталығына барып, жоба негізін қалаушы Алексей Скaлозубовпен кездесу өткізді.

«Batyl Bol» тіл клубы Алматыдағы жүздеген адамның тілдік дағдысын дамытып, қазақша сөйлейтін үлкен қауымдастық құруға атсалысып жүрген тіл орталықтарының бірі.

Кездесу нәтижесінде Қоғамдық даму орталығы базасында қазақ тілінде тегін сөйлеу дағдыларын дамыту орталығын ашу туралы келісім жасалды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу