Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Алматыда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға арналған кездесу өтті
17.11.2025

Алматыда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға арналған кездесу өтті

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен және ЕТУ Креативті экономика және құқық мектебі бірлесіп «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Түрксіб ауданы прокуратурасының өкілдері мен оқытушылар құқықтық мәдениетті арттыру жолдарын, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін талқылады.

Іс-шара сарапшылар арасында пікір алмасу мен құқықтық қоғамды дамытуға бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеудің маңызды алаңына айналды.

← Жаңалықтар тізіміне оралу