Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Алматыда студенттерге әлеуметтік желілердегі құқықтық жауапкершілік түсіндірілді
11.11.2025

Алматыда студенттерге әлеуметтік желілердегі құқықтық жауапкершілік түсіндірілді

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы «Заң және тәртіп» қағидаты аясында студент жастармен «Әлеуметтік желілердегі құқықтық жауапкершілік» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында жастарға интернет кеңістігіндегі құқықтық нормаларды сақтау, киберқауіпсіздік қағидалары және фейк ақпараттың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, өз пікірін ашық білдіру кезінде заң талаптарын ескеру, жеке деректерді қорғау және желідегі этикалық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапты онлайн-мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық белсенділігін нығайтуға ықпал етті.

← Жаңалықтар тізіміне оралу