Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Шығармашылық еркіндік пен құқықтық нормалар тақырыбында кездесу өтті
30.10.2025

Шығармашылық еркіндік пен құқықтық нормалар тақырыбында кездесу өтті

Қоғамдық даму орталығының бастамасымен студент жастар арасында шығармашылық еркіндік пен оны реттейтін құқықтық нормалар жөнінде кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – өнер саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру, шығармашылық еркіндік пен заң талаптарының өзара байланысын түсіндіру.

Кездесуде өнер және заң саласының өкілдері жастармен ашық пікір алмасып, тәжірибеден мысалдар келтірді. Студенттер өз сұрақтарына жауап алып, шығармашылық жобаларды жүзеге асыруда заңды сақтаудың маңызын ұғынды.

Диалог студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және шығармашылық еркіндікті жауапкершілікпен үйлестіруге ықпал етті.

← Жаңалықтар тізіміне оралу