Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі
08.10.2025

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Заң, тәртіп және құқық: тәртіп пен бостандық арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керек?» атты кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу және заңды сақтау жауапкершілігін арттыру.

Кездесуге заңгер, «Human Rights Lawyers» ұйымының президенті Ляззат Бекмұханбетқызы Ракишева мен Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі Ғалымжан Сейітжанұлы Жолдасбаев қатысып, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, азаматтық белсенділік пен жеке жауапкершіліктің маңызы жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

← Жаңалықтар тізіміне оралу