Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Мемлекеттік бастамалар мен бизнестен күтілетін үміттер талқыланды
10.10.2025

Мемлекеттік бастамалар мен бизнестен күтілетін үміттер талқыланды

Қоғамдық даму орталығы мен «СВС Транс» ЖШС Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға арналған «Мемлекеттік бастамалар және бизнестен күтілетін үміттер» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесу өткізді.

Мақсаты – Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттарды түсіндіру және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылау.

Шараға ұйым басшылары, бизнес өкілдері және онлайн форматта Алматы автомеханикалық колледжінің студенттері қатысты.

Кездесуде Владимир Браун, Константин Соколов және Қуат Мусабаев өз ойларымен бөлісіп, мемлекеттік бастамаларды тиімді іске асыру жолдарын ұсынды.

← Жаңалықтар тізіміне оралу