10.10.2025
«Білікті маман – ел тірегі» атты қорытынды шеберлік сабақ
Көптен бері өз жалғасын тауып келе жатқан WORKSHOP «Еңбек пен шеберлік» жобасы бүгін өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткен «Білікті маман – ел тірегі» атты шеберлік сабақ еңбек пен кәсіптің маңызын айқындап, жастарды кәсіби бағдарлауға бағытталды.
Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби бағдар беру және тәжірибелік дағдыларды дамыту болды.
Шеберлік сабағының ең маңызды сәті — Алматы сән және қызмет көрсету колледжі мен ұлттық киімдер тігумен айналысатын NIYET-DRESS кәсіпорны арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы. Бұл келісім оқу орны мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.
Қатысушылар тігін ісінің негізгі тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, өз қолымен өнім дайындау үдерісіне тікелей қатысты. Бұл — еңбек дағдысын қалыптастырып, мамандыққа деген қызығушылықты арттырған ерекше мүмкіндік болды.