Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Мамандық әлемі» шеберлік сабағы еңбек құндылығын дәріптеді
09.10.2025

«Мамандық әлемі» шеберлік сабағы еңбек құндылығын дәріптеді

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастарға кәсіби бағдар беру және тәжірибелік дағдыларды дамыту мақсатында «Мамандық әлемі» атты шеберлік сабақ «Алматы жиһаз фабрикасында» өтті.
Шараға қаладағы түрлі оқу орындарының студенттері және оқушылары қатысып, өндіріс орнындағы шынайы еңбек процесін өз көзімен көрді. Кәсіпорын мамандары ағаш өңдеу, құрастыру, өлшеу және сапаны бақылау сынды нақты жұмыс кезеңдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, қатысушыларды өндіріс атмосферасымен таныстырды.
Бұл шеберлік сабақ жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттырды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу