Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Мамандық таңдау — өмір талабы» атты қорытынды кездесу
08.10.2025

«Мамандық таңдау — өмір талабы» атты қорытынды кездесу

WORKSHOP «Еңбек пен шеберлік» жобасы шеңберінде өткен бесінші әрі қорытынды кездесу «Мамандық таңдау — өмір талабы» тақырыбында өтті.
Шараның негізгі мақсаты — жастарды еңбекке баулу, өндіріс, құрылыс және сәндік-қолданбалы өнер салаларындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, сондай-ақ өз ісін табысты жүргізіп жүрген кәсіпкерлердің тәжірибесі арқылы бағыт-бағдар беру болды.
Кездесуге Алматы сән және қызмет көрсету колледжінің ұстазы, «Үздік педагог – 2023» байқауының жеңімпазы, тәжірибелі маман әрі өз ісінің шебері Аубәкірова Жанаркүл Бердіқожақызы қатысып, студенттермен өз еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Жастар спикермен ашық диалог орнатып, армандаған мамандықтары туралы көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты кеңестер алды. Кездесу барысында қатысушылар еңбек адамының қоғамдағы маңызы мен жұмысшы мамандықтарының заманауи бағыттары жайлы тың ақпарат алып, табысты тұлғаның тәжірибесінен шабыт алды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу