Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Мансап жолы» атты кездесу
01.10.2025

«Мансап жолы» атты кездесу

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбек пен шеберлік» жобасының төртінші кездесуі – «Мансап жолы» атты тақырыппен өтті.

Шараның мақсаты – жастарды еңбекке баулу және өндіріс, құрылыс пен сәндік-қолданбалы өнер салаларындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру.

Кездесуге еліміздің танымал компания басшылары: «SHERTER» компаниясының жетекшісі Бахыт Әлиевич Дильманов, «Орынбасарұлы» компаниясының басшысы Елжас Орынбасарұлы, сондай-ақ «Zamanauy» компаниясының негізін қалаушы Заманбек Сәбитұлы Сәрсебек қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар еңбек жолында табысқа жетудің құпияларын тыңдап, өз кәсібін таңдауда сенімді бағыт алды. Шара жастардың еңбекке қызығушылығын арттырды.

← Жаңалықтар тізіміне оралу