Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Мамандықтар әлеміне ішкі көзқарас» атты кездесу өтті
30.09.2025

«Мамандықтар әлеміне ішкі көзқарас» атты кездесу өтті

«Еңбек пен шеберлік» WORKSHOP жобасы аясында «Мамандықтар әлеміне ішкі көзқарас» атты кезекті кездесу өтті.

Шараның мақсаты – жастарға кәсіби бағдар беру, болашақ мамандығын таңдауға және еңбек нарығында өз орнын табуға бағыт көрсету.

Кездесуге «ТехноНИКОЛЬ Құрылыс жүйелері» компаниясының жетекшісі, тәжірибелі маман Әбілқайыр Балтабайұлы Мыханов қатысып, өзінің еңбек жолындағы тәжірибесі мен өмірлік сабақтарымен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын түсініп, табысқа жетудің басты жолы еңбек пен табандылық екенін түйді.

← Жаңалықтар тізіміне оралу