Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Еңбекпен шыңдалған жетістік» атты кезекті кездесу
30.09.2025

«Еңбекпен шыңдалған жетістік» атты кезекті кездесу

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен WORKSHOP «Еңбек пен шеберлік» жобасы бойынша «Еңбекпен шыңдалған жетістік» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа кәсіби бағдар беріп, мамандық таңдауда бағыт көрсету және еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу.

Кездесудің спикері – Алматы локомотив пайдалану депосының басшысы, тәжірибелі маман Айдын Ешмұхамбетұлы Сатыбалдин. Ол қарапайым жұмысшыдан бастап, табандылығы мен еңбегінің арқасында басшылық қызметке дейін көтерілген жолын жастарға үлгі етіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

← Жаңалықтар тізіміне оралу