Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Кәсіби жолдың бастауы» атты кездесу өтті
29.09.2025

«Кәсіби жолдың бастауы» атты кездесу өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбек пен шеберлік» жобасы бойынша «Кәсіби жолдың бастауы» атты кездесу өтті.

Шараның мақсаты – жастарға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығындағы өз орнын табуға бағыттау және табысты мамандардың тәжірибесі арқылы шабыттандыру болды.

Кездесудің қонағы – еңбек жолын қатардағы электриктен бастап, бүгінде «JapJARYQ» компаниясының бас директоры атанған Нұрғали Пулатұлы Мусирманқұлов. Ол жастармен өзінің табысқа жету тарихымен бөлісіп, еңбек пен төзімділіктің маңызын ерекше атап өтті.

«Кез келген жетістік – үздіксіз еңбектің, ізденістің және өз ісіңе деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Қай мамандықты таңдасаңыз да, соны шын жүректен меңгеруге тырысыңыз. Сонда ғана табыс сізді өзі іздеп табады», – деді Нұрғали Пулатұлы өз сөзінде.

Бұл жоба жастардың кәсіби бағыттағы танымын кеңейтіп, еңбекқорлық пен мақсатқа ұмтылудың өмірдегі шешуші рөлін түсінуге мүмкіндік берді.
← Жаңалықтар тізіміне оралу