Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Шеберлік құпиясы – еңбекке шыңдалу» шеберлік сабағы өтті
29.09.2025

Шеберлік құпиясы – еңбекке шыңдалу» шеберлік сабағы өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбек пен шеберлік» жобасы бойынша «Шеберлік құпиясы – еңбекке шыңдалу» атты шеберлік сабақ ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, еңбек дағдыларын дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар машинист жұмысы, теміржол логистикасы, автоматика және телемеханика бағыттарымен танысып, тәжірибелік жұмыстар орындады. Белсенді оқушылар өз қолымен еңбек нәтижесін көріп, сұрақтарына жауап алды.

Бұл жоба жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, жұмысшы мамандықтарының маңызын терең түсінуге жол ашты. Мұндай тәжірибелік кездесулер жас буынның кәсіби бағыт таңдаудағы сенімін нығайтып, ел экономикасына үлес қосар білікті мамандардың қалыптасуына ықпал етеді.
← Жаңалықтар тізіміне оралу