Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы Нархоз университетінің Экономикалық колледжімен бірлесіп «16–18 жасқа толғанда: Жасөспірімдерге арналған құқықтық нұсқаулық» атты интерактивті семинар ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін жете түсінуге ықпал ету.
Студенттер рөлдік ойындарға қатысып, құқықтық кейстерді шешу арқылы білімін тереңдетті. Семинар барысында жастардың құқықтық сауаттылығы арта түскені байқалды.
Құқықтық білім – сенімді болашақ пен жауапты қоғам құрудың негізі.