19.09.2025
«Отбасы – бақыт мекенім» жобасы өз мәресіне жетті
Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен жүзеге асқан «Отбасы – бақыт мекенім» жобасы өз мәресіне жетті. Үш кезеңнен тұрған шарада жас отбасыларға арналған диалог алаңы ұйымдастырылып, бейнероликтер түсіріліп, соңында зияткерлік сайыс өтті.
Жобаның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және қоғамда отбасының рөлін арттыру.
Қатысушылар бірлік пен берекенің мәнін жаңа қырынан танып, рухани құндылықтарды терең сезінді. Бұл бастама – жас отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамда отбасылық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.