Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Taza Qala» экологиялық жобасының үшінші кезеңі өтті. Бұл жолы қала мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында Эко-квест ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру. Қатысушылар қоқысты сұрыптау, энергияны үнемдеу және экологиялық өмір салтына қатысты тапсырмаларды орындап, белсенділік пен командалық рух көрсетті.
Экологтар мен туризм саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы оқушылардың экологиялық білімін, логикалық ойлауын және көшбасшылық қасиеттерін жоғары бағалады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.
Бұл жоба қоғамның тұрақты дамуына үлес қосатын маңызды бастама.