Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Өзгерістер стратегиясын қалыптастырудағы витальдық интеллект» атты кездесу өтті
12.09.2025

«Өзгерістер стратегиясын қалыптастырудағы витальдық интеллект» атты кездесу өтті

Қала күніне орай Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Мен Алматылықпын» жобасы аясында жастарға арналған «Өзгерістер стратегиясын қалыптастырудағы витальдық интеллект» атты кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – витальдық интеллект тұжырымдамасын талқылау арқылы жастардың жеке дамуына ықпал ету, қоғамдық өзгерістер стратегиясына үн қосу және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру болды.

Жастар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік дағдыларды дамыту жолдарын талқылап, тәжірибелі маман иесінен құнды кеңестер алды.

← Жаңалықтар тізіміне оралу