Алматы күні аясында «Мен алматылықпын» жобасы шеңберінде «Құқықтық және қаржылық сауаттылық: Қарызсыз қоғамға қадам» атты маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, халыққа тегін заңгерлік көмек алу жолдарын таныстыру және қарызсыз қоғам қалыптастыру мәселелерін талқылау болды.
Кездесу барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай ашық алаңдар тұрғындарға өз құқықтарын қорғау, қаржылық жоспарлауды дұрыс жүргізу және қарызға тәуелділіктен арылудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.