Отбасы күні қарсаңында Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Отбасым – бақыт мекенім» жобасы аясында диалог алаңы ұйымдастырылды.
Жобаның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жас отбасыларға қолдау көрсету.
Диалог алаңына түрлі сала мамандары шақырылып, отбасылық қарым-қатынас мәдениеті, дағдарыстарды еңсеру жолдары және ұлттық дәстүрлерді сақтау мәселелері талқыланды. «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз тәжірибелерімен бөлісіп, аудитория тарапынан қойылған сұрақтар тақырыпты тереңірек ашуға ықпал етті.
Іс-шара қоғам назарын отбасы институтының маңызына аударып, рухани бірлік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жаңа серпін берді.