Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен Алматы күніне орай «Мен Алматылықпын» жобасы аясында «Әлеуметтік жобалар – ортақ игілік үшін» атты кездесу өтті.
Шараның мақсаты – әлеуметтік жобалардың маңызын насихаттап, азаматтық бастамаларды қолдау жолдарын талқылау. Іс-шара қонағы, қоғам қайраткері Қайыржан Саясатұлы әлеуметтік жауапкершіліктің қоғамдағы рөліне тоқталды.
Қатысушылар ашық пікір алмасып, сұрақтарын қойып, жаңа идеяларымен бөлісуге мүмкіндік алды. Бұл кездесу әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.