Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Дәстүр үнімен тербелген күн
24.04.2025

Дәстүр үнімен тербелген күн

   Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында «Ұлттық аспаптар» фестивалі аясында ерекше концерт ұйымдастырылды. Шараны Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы жүзеге асырды.
      Мақсат – ата-баба мұрасын жаңғырту, дәстүрлі саз өнерін ұрпақ санасына сіңіру және жас таланттарды қолдау. Домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, сыбызғы сияқты көне аспаптар үнімен халық күйлері мен заманауи туындылар орындалды.
      Жас орындаушылар үшін бұл – шабыт беретін үлкен тәжірибе. Кеш ұлттық құндылықтарды кеңінен танытып, мәдени мұраның мәнін айшықтады.
← Жаңалықтар тізіміне оралу