Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Біз батырлар ұрпағымыз» жобасы аясындағы тағылымды диалог
13.05.2025

«Біз батырлар ұрпағымыз» жобасы аясындағы тағылымды диалог

      Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен өткен «Біз батырлар ұрпағымыз» атты патриоттық жобасы аясындағы Диалог алаңы – жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын оятуға бағытталған тағылымды іс-шара болды.
      Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кездесуде соғыс батырларының ерлігі мен тарихи мұрасы талқыланды. Танымал тарихшылар, сарапшылар және ардагерлердің ұрпақтары қатысып, ашық пікір алмасу өтті.
      Тарихи деректер мен жеке естеліктер тоғысқан кездесуде мультимедиалық қойылымдар арқылы көрермендерге әсерлі көріністер ұсынылды. Әрбір сәт жастардың жүрегіне патриоттық рух дарытып, ұрпақтар сабақтастығын терең сезінуге мүмкіндік берді.
      Бұл бастама – елдік пен ерлікті ұлықтаудың, ұлттық сана мен тарихи танымды нығайтудың маңызды қадамына айналды.

← Жаңалықтар тізіміне оралу