Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Цифрлық қауіпсіздік және дерек қорғанысы
23.04.2025

Цифрлық қауіпсіздік және дерек қорғанысы

      Жаһандану дәуірінде ақпараттың ағыны күшейіп, киберкеңістіктің мүмкіндігімен қатар қатері де артып келеді. Осы өзгерістерге орай, заманауи қоғам тек технологиялық прогресті ғана емес, сонымен бірге азаматтардың жеке деректерін қорғау, цифрлық әділеттілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын да іздеуде.
     Осы мақсатта Қоғамдық даму орталығы мен Еуразиялық технологиялық университетімен бірлесе өткізген «Цифрлық құқықтар және киберқауіпсіздік: Дербес деректерді қорғау, киберқылмыс, цифрлық сәйкестік» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел басында бас қосқан сала мамандары мен сарапшылар киберқылмыспен күрес, цифрлық сәйкестендірудің құқықтық аспектілері және жеке мәліметтердің қорғалуы туралы көкейтесті мәселелерді талқылады.
      Шара барысында түрлі көзқарастар мен кәсіби ұстанымдар тоғысып, өзара тиімді пікір алмасу алаңына айналды. Сарапшылар тәжірибелерімен бөлісіп, нақты ұсыныстар жасады. Цифрлық этика мен азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелерінде ортақ ұстаным қалыптасты.
      Жиын нәтижесінде цифрлы әділеттілікке жетудің бағыттары нақтыланып, болашаққа бағдар болар нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл бастама – тек бір реттік іс-шара емес, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды қадам.
← Жаңалықтар тізіміне оралу