Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Алматыда «TAZA Qala» жобасы аясында алғашқы экодәріс өтті
18.03.2025

Алматыда «TAZA Qala» жобасы аясында алғашқы экодәріс өтті

18 наурыз күні Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Аюсай» визит орталығында «TAZA Qala» экологиялық жобасы аясында алғашқы экодәріс өтті. Экологиялық сананы жаңғыртуға арналған бұл шараға мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы білім алды. Кездесу барысында оқушылар экологиялық мәселелерге тереңірек үңіліп, оларды шешудің заманауи әдістерімен танысты. Экодәрістің негізгі спикері, эколог және қоғам белсендісі Әділ Нұрпейісов экологиялық бақылау, заңнамалық негіздер және цифрлық технологиялардың рөлі туралы қызықты баяндама жасады. Ол қоршаған ортаны қорғаудағы цифрлық мүмкіндіктердің маңызын атап өтіп, экологиялық проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың әлеуетін түсіндірді. Бұл кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және олардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру. «TAZA Qala» бастамасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, түрлі экологиялық іс-шаралар мен дәрістер ұйымдастырылады. Бұл жоба Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге бағытталған. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Экологиялық мәдениет – болашақтың кепілі! Экодәріс барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, экологиялық белсенділікке алғашқы қадамдарын жасады. Описание изображения Описание изображения
← Жаңалықтар тізіміне оралу