Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Тарихтан тағылым: экскурсиядан алған әсер
19.02.2025

Тарихтан тағылым: экскурсиядан алған әсер

     Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Қоғамдық даму орталығы ұйымдастырған экскурсиялар жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеруге бағытталған маңызды шаралардың бірі. Кезекті танымдық сапар аясында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері Әскери-тарихи мұражайға барып, жауынгерлердің жанқиярлық ерліктерімен танысты.

     Экскурсия барысында жастар сұрапыл соғыстың ауыр шындығын терең сезінді. Мұражай экспонаттары олардың жүрегінде ерекше әсер қалдырды. Студенттер сол кезеңдегі батырлардың төзімділігі мен ерлігіне таң қалып, бейбіт өмірдің бағасын түсіне түсті.

     Бұл сапар олардың санасында тек тарихқа деген қызығушылықты ғана емес, елге деген сүйіспеншілікті де арттырды. Ұрпақ жадында сақталатын мұндай тағылымды шаралар Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге септігін тигізетіні сөзсіз. Өйткені батырлар ерлігі – мәңгілік мұра, ал оны ұмытпау – әрбір азаматтың парызы.
← Жаңалықтар тізіміне оралу