14.02.2025
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру және соғыс жылдарында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен батырларымыздың есімін ұлықтау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – Алматы автожол колледжі студенттерінің Әскери-тарихи музейге жасаған танымдық экскурсиясы.
Экскурсия барысында студенттер тарихи жәдігерлермен танысып, Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда және тылда аянбай еңбек еткен батырлардың ерлігі жайлы тың мәліметтер алды. Мұражайдағы құнды экспонаттар сол бір ауыр кезеңнің қиындықтары мен жауынгерлеріміздің қайсар рухын айқын көрсетеді.
Ел басына күн туғанда ерен ерлік көрсеткен аталарымыз бен апаларымыздың даңқты жолын ұмытпау – біздің борышымыз. Батырлардың есімі жадымызда мәңгі сақталып, олардың өнегесі жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек.