Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай танымдық экскурсиялар ұйымдастырылуда
10.02.2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай танымдық экскурсиялар ұйымдастырылуда

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай Қоғамдық даму орталығы жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және отансүйгіштік сезімін нығайту мақсатында колледж студенттері үшін Алматы әскери-тарихи мұражайына танымдық экскурсиялар циклын ұйымдастыруда. Экскурсиялардың басты мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұрпақ жадында жаңғырту, олардың батырлық жолын насихаттау. Алғашқы экскурсияға Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Жастар үшін бұл шара ерекше әсер қалдырды, әсіресе олар 28 панфиловшылар дивизиясының аты аңызға айналған қолбасшысы И.Панфиловтың немересі Алуа Байқадамовамен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында студенттер Ұлы Отан соғысының қаһармандары туралы тың деректерді естіп, мұражайдағы құнды жәдігерлермен танысты. Мұнда соғыс жылдарынан сыр шертетін қару-жарақтар, сарбаздардың күнделікті қолданған заттары, тарихи құжаттар мен фотосуреттер жинақталған. Бұл жәдігерлер – ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі мен қайсарлығының айқын дәлелі. Осындай танымдық шаралар жастардың рухани дамуына, олардың ел тарихына деген құрметін арттыруға зор ықпал етеді. Тарихи жадымызды жаңғырту арқылы біз өткеннің өнегесін ұлықтап, келер ұрпаққа аманаттаймыз. Әрбір жас жүрегінде патриоттық сезім ұялатқан бұл шаралар елдік пен ерліктің мәңгілік мұра боларына сөзсіз.

← Жаңалықтар тізіміне оралу