10.12.2024
Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Алматы технология-экономикалық колледжі студенттері «Aida KaumeNOVA» сән үйінде тәжірибе жинақтады
Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Алматы технология-экономикалық колледжі студенттері «Aida KaumeNOVA» сән үйінде болып, сәндік тігін өнері жұмысының озық тәжірибелерімен танысты және өз мамандықтарының қыр-сырын терең меңгеруге мүмкіндік алды.
Басты мақсат – жастар мен білікті мамандар арасында білім, тәжірибе және шабыт алмасу үшін бірегей алаң құру.
Жыл басынан бастау алған Сән үйі мен техникалық колледждер арасындағы серіктестік қатынас 2-ші рет ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық Меморандум жасақтау жалғасын табуда.
Серіктестік қатынастар нәтижесінде студенттер колледж бітірер алдындағы өндірістік практикадан өтіп, екі түлек жұмысқа қабылданды.
Алматы технология-экономикалық колледжі студенттері қолымен жасалған «Этно-шабыт», «Ұласым», «Арнайы киім» коллекцияларының сән көрсетілімі болды.
Меморандум аясында студенттер дуальды оқыту жүйесі бойынша өндірістік тәжірибеден өтіп, түлектердің жұмысқа қабылдану мүмкіндігі артады.
Сондай-ақ, түлектердің кәсіби дамуына жол ашылып, еңбек нарығында сұранысқа ие болатындарына сенім бар.