Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі
06.12.2024

Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі

2024 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ҚР Тұңғыш Президентінің музейі» мен «ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» бірлесіп, «Объектив арқылы экранға: Алматы – Тәуелсіздіктің Алтын бесігі» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Шара аясында Алматы қаласының тәуелсіздік тарихындағы рөлі мен қала дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегі дәріптелді. Қатысушылар архивтік фотосуреттерден құралған көрмені тамашалап, қазақтардың алғашқы Дүниежүзілік құрылтайы туралы «Прикосновение» деректі фильмімен танысты.
Бұл іс-шара ұлттық тарихымызды құрметтеуге және өскелең ұрпақтың санасында елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу