14.11.2024
«Еңбек-еңсе көтереді» жобасы аясында оқушыларымен мотивациялық кездесу өтті.
Кездесу қонағы, Айболат Құлатай - «Aqyl Battle» мобильді интеллектуалды ойыны мен @sez.app қосымшасының авторы, «Thousand IT» компаниясының негізін қалаушы.
Кездесу барысында спикер оқушыларға IT технологиялар арқылы бизнесті тиімді жүйелеу туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, сұранысқа ие болатын маңызды мамандықтар туралы құнды ақпараттармен бөлісті.
Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, IT саласына қызығушылықтарын білдірді, бұл тақырыптың өзектілігін және осындай кездесулердің маңыздылығын айқындады.
Шара оқушыларға заманауи технологиялар мен IT саласындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы түсініктерін кеңейтуге тамаша мүмкіндік берді.