Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«ENBEK CUP» атты дебаттық турнирі
19.10.2024

«ENBEK CUP» атты дебаттық турнирі

«Еңбек еңсе көтереді» жобасы аясында UIB университетінде мектеп командалары арасында «ENBEK CUP» атты дебаттық турнирі ұйымдастырылып, оған қаланың әртүрлі мектептерінен 32 команда қатысты.
Турнир жастардың сыни ойлау, шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталды. Пікірсайыс бірнеше командаларға бөлініп еңбек маңыздылығы, қоғамдық жауапкершілік және жастардың қазіргі қоғамдағы рөлі секілді өзекті тақырыптар қызу талқыланды.
Турнирдің нәтижесінде үздік командалар марапатталып, «Ең үздік спикер», «Үздік спикер», «Үздік тәлімгер», «Ең үздік төреші», «Ең үздік кейс», «Ең үздік фракция» номинациялары бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Бұл турнир жастар үшін белсенділік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытуда маңызды қадамдардың бірі болды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу