18.10.2024
«Еңбек-еңсе көтереді» жобасы аясында кездесу өтті.
Кездесуге белгілі полиглот, кәсіпкер, жапон ғалымы Мади Фазыл арнайы шақырылды. Ол тіл үйрену тәжірибесімен және Жапониядағы Цукуба университетінде оқыған тәжірибесімен бөлісіп, заманауи өмірде қалай табысқа жетуге болатынын түсіндірді.
Мади Фазылдың сөзі жастарды шабыттандырып, оларды тіл үйренуге, тұлғалық дамуға деген қызығушылықтарын арттырды.
Кездесу барысында оқушылар тіл үйренудің әдіс-тәсілдерін ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынастың маңыздылығын, түрлі мәдениеттерді зерттей отырып, өзін-өзі дамтудың артықшылықтарын түсінді. Кездесудің соңы сұрақ- жауапқа айналып, тәжірибе мен өмірлік ұстанымдар туралы көптеген пайдалы ақпараттар алынды.