Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Қоғамдық даму орталығының бастамасымен қолға алынған «Үш бәйтерек» әдеби жобасыаясындағыіс-шаралар өз мәресіне жетті.
18.10.2024

Қоғамдық даму орталығының бастамасымен қолға алынған «Үш бәйтерек» әдеби жобасыаясындағыіс-шаралар өз мәресіне жетті.

Жоба мақсаты – «Үш бәйтерек» атанған қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар мен көрнекті өкілдерінің 130 жылдық мерейтойына орай Сәкен Сейфулин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің әдеби шығармаларын насихаттау, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Жоба үш кезеңмен жүзеге асырылып: мектеп оқушылары арасында үздік Эссе байқауы; Әдеби оқулар (Ілияс, Секен, Бейімбет оқулары) байқауы;қорытынды кезеңде жас ғалымдардың, филолог, сарапшылардың, ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқырман қауымға жазушылар шығармаларының зерттелуі, оқытылуы бойынша танымдық, ғылыми, шығармашылық бағыт-бағдар беріліп, ұсыныстар қабылданды. I-II кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенділер анықталып, диплом, алғыс хат, сертификаттарға ие болды.
Нәтижесінде өскелең ұрпаққа  ұлтымыздың үш бәйтерегі атанған арыстай азаматтарымыздың өмірі мен жауһар еңбектері оқушылардың сүйікті шығармаларына айналып, тағылым-танымдары кеңейетініне сенім мол.

← Жаңалықтар тізіміне оралу