15.10.2024
Қоғамдық даму орталығының бастамасымен “Алматы тұлғалары" жобасы аяқталды.
Жобаның мақсаты – өз жұмысы мен белсенді азаматтық ұстанымы арқылы қаланың дамуына үлес қосып жүрген табысты азаматтардың үлгісін көрсету (өз ауласынан бастап ірі әлеуметтік жобаларға дейін).
Бірінші кезең Алматы телеарнасында өз еңбегімен және көзқарасымен белгілі бір үлес қосатын табысты адамдар туралы 6 бейнеролик түсіруді және көрсетуді қамтыды.
Екінші кезеңде жастардың танымал тұлғалармен - түрлі саладағы спикерлермен кездесулері ұйымдастырылды.
Жоба қортындысы бойынша әлеуметтік желілерде байқау жүргізілді, онда Алматы тұрғындары өз салаларындағы жетістіктерімен бөлісті. Бұл байқау біздің қоғамда өз еңбегімен және бастамасымен қаланы одан да әдемі етуге дайын қарапайым тұрғындардың бар екенін көрсетті.