Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Алматы тұлғалары» жобасы аясында Алматы қаласы мәслихат депутаты Серік Аманжолұлы Есматовпен кездесу өтті.
11.10.2024

«Алматы тұлғалары» жобасы аясында Алматы қаласы мәслихат депутаты Серік Аманжолұлы Есматовпен кездесу өтті.

«Алматы тұлғалары» жобасы аясындағы кезекті кездесудің кейіпкері - еліміздің саяси өміріне белсене қатысып, әділ қоғам құруға және барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер жасауға қосқан үлесі бар танымал азамат.

Серік Аманжолұлы Есматов - кездесуде өмірлік философиясымен бөлісіп, жастарға кез келген кедергілерді еңсеру, мақсатқа сенімді түрде жету, өмірді шексіз сүю сияқты ізгілік қасиеттердің сырын ашты.

Ол - мүмкіндіктер шексіздігін дәлелдеген азамат ретінде қатысушыларды үлкен мотивациялық әсерге бөлеп, соңы сұрақ-жауапқа, тартымды диалогқа ұласты.

← Жаңалықтар тізіміне оралу