Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Алматы тұлғалары» жобасы аясында
04.10.2024

«Алматы тұлғалары» жобасы аясында

«Алматы тұлғалары» жобасы аясында - Әлемдік бестселлер кітаптарды қазақ тілінде сөйлетіп жүрген «Мазмұндама» жобасының авторы - Шыңғыс Мұқанмен кездесу өтті.

Алдыңғы қатарлы елдерге қосылу үшін алдымен ана тілдің мазмұнын байытып күрделі білімді игеру қажеттілігі, кәсіп таңдаудың, мақсатқа жетудің, өмірде өз орнын тауып бүкіл өмірін өзіне ғана емес, елінің пайдасына арнайтын азамат болу маңыздылығы туралы тың тәжірибелер қызу талқыланды. Кездесуге әр жастағы түрлі салалардан жиналған жастар қатысып, өте белсенді түрде қойылған сұрақтарына құнды жауаптар алды. Спикер - Harvard University түлегі - қазақ баласының өз елінде кез келген ғылымды кәсіби деңгейде меңгеріп, өзін де, өзгені де сүйіспеншілікке бөлей алатын үлгілі азамат болып өсу жолына бағыт- бағдар берді.

Кездесу келушілер мен қатысушылар үшін өте қызықты да әсерлі өтті.

← Жаңалықтар тізіміне оралу