«Алматы тұлғалары» жобасы аясында Қазақстанның Халық әртісі Дулыға Ақмолдамен кездесу өтті. Онда жастар мен өнер саласын үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан белгілі актер арасында театр және кино әлемінің қызықтары мен қиындықтары жөнінде мазмұнды диалог орнады.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, алған жауаптарына ризашылық білдірді. Актер рухани және мәдени құндылықтар маңыздылығына тоқталып, өз ой-тәжірибелерімен бөлісті. Мағынасы терең, жылы кездесуден тыңдармандар керемет әсер алды. Ән мен күйден шашу шашылды.