«Тең мүмкіндіктер әлемі-тең қоғам» жобасы – ерекше балаларға тәрбие беріп отырған ата-аналарға қолдау жасап, балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, сондай-ақ, өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.
Шара барысында дарынды балалар өздері салған суреттерін, ағаштан және қағаздан жасаған қолөнер бұйымдарын көрермендерге ұсынды, би мен ән айту шеберліктерін көрсетті.
Іс-шарада балалардың өз қолымен жасаған таңғажайып суреттері мен қолөнерлерінің көрмесі ұйымдастырылды, «Үздік сурет», «Үздік композиция», «Үздік қолөнер жұмысы», «Үздік өлең орындау» және «Үздік би өнері» номинациялары бойынша жеңімпаздарға марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Бұл іс-шара қуанышты эмоцияларға толы болды, балалар мен олардың ата-аналарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір қатысушы – мүмкіндігі шектеулі бала мен оның дені сау құрдасы – бір ұжымда өзін тең екендігін сезінді. Олай болса, балалардың қоғамнан шет қалмай, ата-аналарының алдында жақсы қуанышты күндері көп болатынына сенеміз!