Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Мұхтар Әуезов әлемі» лонгрид байқауы
09.12.2022

«Мұхтар Әуезов әлемі» лонгрид байқауы

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, аудармашы, ғалым, әлемге әйгілі «Абай жолы» романының авторы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толып отыр. Мерейтойға орай «Әуезов оқулары», көрмелер, ғылыми конференциялар, еске алу кештері, концерттер және басқа да мерекелік іс-шаралар қаңтар айында басталып, жыл соңына дейін жалғасын табуда.

Жазушы мерейтойы аясында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Жобалық кеңсесі шығармашыл жастар арасында «Мұхтар Әуезов әлемі» атты лонгрид байқауын жариялап, нәтижесін қорытындылады.

Мұхтар Әуезов – танымал классик, қоғам қайраткері, академик, драматург, ғұлама ғалым. Оның «Абай жолы» эпикалық еңбегі «Әлем әдебиеті кітапханасына» енді, шығармалары көптеген тілдерге аударылып, ал пьесалары әлемнің көптеген театр алаңдарында үлкен табыспен қойылуда.

Жоба мақсаты – жастардың бойында адамгершілік ұстанымдары мен рухани құндылықтарды қалыптастыру. Байқау талабы бойынша қатысушылар Мұхтар Омарханұлының «Абай жолы» және «Еңлік – Кебек» шығармаларының бірін лонгрид форматында көрсетуі қажет.

Байқау әділқазылары келіп түскен жұмыстарды саралап, үздіктерді анықтады. Сарапшылардың берген қорытынды нәтижелері бойынша:

І орынды – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті Камашева Жансая;

ІІ орынды – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Крымкул Нұрай;

ІІІ орынды – Қазақ Ұлттық педагогигалық университетінің студенті Орынбасар Аружан иеленді.

Жеңімпаздар арнайы диплом және қаржылай жүлделермен табысталды. Жеті талапты жас қосымша ынталандыру сыйлықтарына ие болып, қалған байқау қатысушылары «Алғыс хаттармен» марапатталды.

← Жаңалықтар тізіміне оралу