Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтымыздың ұлы ұстазы» дөңгелек үстелі
15.11.2022

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтымыздың ұлы ұстазы» дөңгелек үстелі

Бүгін, алаш көсемі, көрнекті тұлға, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты тәлімі мол тағылымды іс-шара өтті.

Шара мақсаты - ХХ ғасырдың біртуар азаматы, ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын, оның халық үшін аянбай еткен еңбегін дәріптеу, ұрпаққа үлгі ету.

Қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылық мұрасын талқылап, баяндамалар жасады. Үздік баяндама авторларына алғыс хаттар табысталды.

← Жаңалықтар тізіміне оралу