Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Алматы тұлғалары» байқауының қорытындысы өтті
22.10.2022

«Алматы тұлғалары» байқауының қорытындысы өтті

Бүгін Қоғамдық даму басқармасы Жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға
алынған «Алматы тұлғалары» байқауы өз мәресіне жетті. Жоба жетістік пен табыс
идеяларын насихаттау және сүйікті қаламыздың дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан
азаматтарды тарту мақсатында екі кезеңде жүзеге асырылды.
Байқауға қатысушылар – экобелсенділер, жануарлар құқығын қорғаушы,
волонтерлар, кәсіпкерлер диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бір қуантарлық жайт, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, туған қаласына игілігі
үшін ынта-ықылас біріктірген, ортақ адамгершілік құндылықтары біріктірген
қамқор алматылықтардың қатары көбейіп келетіні қуантарлық жайт!
Алматылықтарды сүйікті қалаға деген кіршіксіз көңілі мен өз ісіне деген адалдық
біріктіреді.
← Жаңалықтар тізіміне оралу