Білікті, тапқыр әрі табысты болу - жаңа заман талабы. Жетістікке жеткен тұлға әрдайым өз табандылығы және шеберлігі арқасында мақсатына қол жеткізеді.
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Жобалық кеңсесінің қала жастары арасында табысты тұлға туралы идеяны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған «Сəттілік формуласы» атты пікірсайыс турнирінің соңғы кезеңі өз мәресіне жетті.
Турнир жетістік пен табысқа жету әдістері мен əмбебап дағдыларды кеңейту бағытындағы дебатта үздік тәжірибелер арқылы жастарды мотивацияға жəне оптимизмге баулыды. Шара соңында əрбір қатысушы табысқа жетудің кілті еңбекте, батылдық пен нақтылықта екендігіне көз жеткізгендей. Қабілетті ұрпақ – қашанда жарқын болашақтың кепілі болмақ.