Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жобалық кеңсесі Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы жас ғалымдар, жазушылар және журналистер арасында ұйымдастырылған «Ахмет Аманаты» атты үздік ғылыми мақала байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты мен міндеті – Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын насихаттау, зерттеу, жастардың бойында ұлттық рух пен отаншылдық сезім қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен Алаш мұрасын дәріптеу.
Байқау жүлде қоры:
1-орынға 200 000
2-орынға 100 000
3-орынға 50 000
Мақалалар 2022 жылдың 11-қыркүйегіне дейін қабылданады. Толық ақпаратты ruh-almaty.kz сайты және +7 702 100 13 39 нөмірі арқылы біле аласыздар.
Байқау ережесімен танысу